Банк шарты бойынша қарыздарды өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қалалық сотында банктің жауапкер Т.-дан екі банктік қарыз шарттары бойынша 1,5 миллион тенге сомасындағы қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар сот медиациясын өткізу туралы талап тілек білдірді.

Тараптардың өзара келісу нәтижесінде банк талап арыздан бас тартты, және жауапкерге 2017 жылдың қыркүйек айына дейін толық қарызды өтеу үшін мерзім беріп, медиация келісімін бекітті.

Медиация келісімінің заңға, өзге адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келмейтінін талдай отырып, азаматтық істі қысқарттып, медиация келісімін бекітті.

Талапкерге Салық кодексінің 548 бабының 1-тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес 49983 тенге сомасындағы мемлекеттік баж қайтарылды.

Источник: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі