Баянауыл аудандық сотымен «Халықаралық конвенциялардың нормаларын сот тәжірибесінде қолдану туралы » семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинарға сот төрағасының міндетін атқарушы С.Х.Даньярова, судья Б.К.Даутов, кеңсенің меңгерушісі А.М.Омарова қатысты.

Баянауыл аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы С.Х.Даньярова Қазақстан Республикасында қолданыстағы құқықтың құрамдық бөлігі болып табылатын халықаралық келісімшарттардың нормаларын құқық қолдану тәжірибесінде қолдану маңызды екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта қазақстандық соттарда азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінде конвенциялар мен халықаралық келісімшарттардың нормаларын қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажетті халықаралық конвенциялардың, келісімшарттардың нақты нормаларына тоқтады.

Сот актілерінде халықаралық конвенцияларды кеңінен қолдану қажеттілігіне мән берілді.

Кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова 2017 жылдың 8 айы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша халықаралық конвенциялардың, келісімшарттардың нормаларын қолдану туралы статистикалық мәліметтерді жариялады.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар пікірлерімен алмасты.

Источник: 
Баянауыл аудандық сотының баспасөз қызметі