Баянауыл аудандық сотында «Қылмыстық және әкімшілік істерді қарауға сотқа рәсімдеу және тапсыру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткізілген іс-шараға судьялар, Баянауыл ауданының прокуратура қызметкерлері, Баянауыл аудандық ІІБ қызметкерлері  қатысты.

Сот төрағасының м.а. С.Х.Даньярова қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады. Істерді және материалдарды рәсімдеп  сотқа тапсыру мерзімдері аталып өтті. Павлодар облысының ІІД және Баянауыл аудандық ІІБ атына шығарылған жеке қаулылар талқыланды. Сот төрағасының м.а. С.Х.Даньярова Баянауыл аудандық ІІБ қызметкерлерінің кемшіліктерін атап өтті.

Судья Б.К.Даутовпен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды рәсімдеуде берілген айғақтардың кемшіліктері жайлы аталып өтті.

Дөңгелек үстелді аяқтай келе қатысушылар пікір алмасты және осы тақырыпқа байланысты өзекті мәселелері талқыланды қатусушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Источник: 
Баянауыл аудандық сотының баспасөз қызметі