Экономикалық сотта 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Экономикалық сотта pavon.kz редакторының Е. Шультайстың қатысуымен 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарын қорытындылау бойынша брифинг өткізілді.

Судья А.Тұрғымбай бүгінгі таңдағы соттардың алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі сот төрелігінің сапасын жақсарту, заңдылықты сақтау және сот жұмысын одан әрі жетілдіру екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаның  енгізілгенін айтып, медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуге жататын даулардың санаттарына тоқталды.

Кездесу барысында судья есепті кезеңде сотта қаралған азаматтық істер бойынша мағлұмат беріп, қазіргі таңда барлық санаттағы істерге медиация қолданылып жатқанын түсіндірді. Татуластыру рәсімін қолданумен аяқталған азаматтық істердің саны көбейгенін хабарлады.

Брифинг соңында судьялар редактордың барлық сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі