Экономикалық сотта «Субсидиярлық жауапкершілікке тарту» тақырыбына семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларымен «Субсидиярлық жауапкершілікке тарту» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарды аша отыра, сот төрағасы М.А. Рысбеков, 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен (әрі қарай – Заң) борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) және лауазымды адамының субсидиялық жауапкершілігі көзделгенін баяндап айтты.

Өзінің сөз сөйлеуінде баяндамашы судья Е.М. Кожабергинов Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес осы баптың 2-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндеттеріне кіретін борышкердің лауазымды адамдары борышкердің мүлкі барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, осы баптың 2-тармағы 1) – 6) тармақшаларының ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, сондай-ақ берілген тақырыпқа қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотының баспасөз қызметі