Еңбек жылдары фактісі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық соты азаматша Т-ның заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы өтініші бойынша азаматтық істі қарады.

Азаматша Т. арызында зейнетке шығыуына байланысты құжаттарын жинастырып жүр. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік зейнетақы толеу орталығына жүгініп және оның еңбек өтіл жолдарын санағанда еңбек кітабшасында 30.03.1978ж. мен 02.07.1995 жылдары Май ауданының Киров атты совхозында сауыншы ретінде істеген кезеніндегі еңбек кітапшасында ұйымның басылған мөрі оқылмайды, сол себебтерімен еңбек өтілінің есебіне алынбаған. Қазіргі кезде аталған кәсіпорын жоқ, мемлекеттік мұрағатта растайтын құжаттар сақталмаған. Арыз беруші еңбек өтілін басқалай анықтауға мүмкіндік болмағандықтан еңбек жылдарын сот тәртібімен анықтап беруін сұраған.

ҚР АІЖК-нің 291 және 292 баптарына сәйкес, сот арыз беруші заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес болған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

Еңбек өтілі еңбек кітапшасында жазылған жазбалармен, мұрағаттық анықтамамен, әріптес-куәгерлердің түсініктемелерімен расталды.

Сот көрсетілген дәлелдемелер негізінде арыз берушінің өтінішін толық қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі