«Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу үшін әкімшілік жауаптылық» тақырыпқа дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.Ертаев, судья А.Бесееваның, аудан прокуроры М.Касымовтың, аудан ІІБ басшысы Е.Нургалиевтың, аудан ІІБ жергілікті полиция қызмет басшының орынбасары Р.Дюсембаевтың,  ІІБ жергілікті полиция қызметкерлердің және сот қызметкерлердің қатысуымен   «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу үшін әкімшілік жауаптылық» тақырыпқа дөңгелек үстел өткізді.

 Сот төрағасы сөйлеген сөзінде, ӘҚБК 200 бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза – тек қана кәсіпкерлік субъектілеріне қолданатын, тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұру не айыруы, міндетті түрде көзделген. Жеке тұлға,  өзінің атынан қызмет жасаған кезде аталған бабымен әкімшілік жазаға тартылады.

Өткізілген шара қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тәжірибеде қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі рәсімдеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұсынымдар жасақталды.

 

Источник: 
Пресс-служба Железинского районного суда