"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер және толықтамалар еңгізу жөнінде талқылау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қазақстан Республикасының сот жүйесі  және судьяларының мәртебесі туралы"  конституциялық заңға өзгерістер және толықтамалар еңгізу жөнінде талқыланды, оларға сәйкес:

- судья кандидаттарына 30 жасқа дейін ұзартылды;

- полиграфтік зерттеу және тағылымдамадан өту жөнінде талап судья қызметіндегі кандидаттарға таратылмайды;

- облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

- Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.

Аталған өзгерістер 2017 жылдың 14 шілдесінде күшіне енді.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары бұл өзгерістерге оңтайлы қатынаспен қарады, себебі уақытты қажет етеді.

Источник: 
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттын баспасөз қызметті