«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру» тақырыбында семинар сабағы  ұйымдастырылды.

Аталған шараға сот төрағасы Н.Е.Есенжолов, судья К.К.Каримов және Павлодар облысың төтенше жағдайлар департментінің бөлімінің бастығы К.З.Шаймарденов,  әскери бөлімінің басқармасының бас офицеры Ж.Ж.Тусупов қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау.

Шара  барысында сот төрағасы Н.Е.Есенжолов әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің заңда көзделген мерзімде әрі сапалы және дұрыс қаралуы жасақталған хаттаманың сапасына тікелей байланысты екенін, алайда, кейбір әкімшілік істер бойынша хаттамалардың дұрыс жасалмайтыны, істердің дұрыс рәсімделмейтін фактілері кездесіп жататынына назар аударды.

Семинар  қорытындылай келе барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсініктемелер берілді. 

 

Источник: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі