«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануда туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы  Н.Е.Есенжоловтың, судья М.А.Майсакановтың, Павлодар қаласының прокуратурасының бөлімінің бастығы С.Журсунов, Павлодар қаласының ІІБ бастығының орынбасары Омарбекова Н.Н., Павлодар қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Смаилов С., Павлодар қаласының ІІБ ЖПБ оңтүстік полиция болімінің бастығының орынбасары Бычков Н.В., Павлодар облысы ІІД ӘТБ бас инспекторы Дулатов Ч.К., Павлодар қаласының ІІБ ЖПБ бас инспекторы Сарсембинова А., Павлодар облысы ІІД ЖППР командирінің орынбасары Китаев К., Павлодар қаласының ІІБ ӘТБ инспекторы Истаев Б., Павлодар қаласының ІІБ ЖППБ инспекторы Бейсенбеков Н.С. қатысуларымен «Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануда туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шара барысында, судья М.А.Майсаканов қатысушыларды 03.07.2017 жылы шыққан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен таныстырып, сол заңмен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 73-1, 73-2 баптармен толықтырылғандығын және аталған Заң 14.07.2017 жылы заңды күшіне енетінін айта кетті.

Іс-шара соңында сот төрағасы Н.Е.Есенжолов осындай шаралар жиі-жиі өткізіліп тұрса, әкімшілік істерді толтыруда жіберілетін кемшіліктер мен қателіктердің алдын алуға болатынын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезінде туындайтын мәселелер және істерді қарау барысында орын алған негізгі кемшіліктер туралы атап өтті.

Источник: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі