Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қалалық сотында азамат Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 296-б.2-б. бойынша қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Б. 2017 жылғы 5 маусымда Б. Екібастұз қаласында орналасқан  «Верона» кафесінің жаңында Екібастұз қаласының ІІД полициясының қызметкерлерімен ұсталған, жеке тексеріс барысында оның шалбарының қалтасынан  0,72 грамм салмағымен кептірілген марихуанна-есірткі заты табылған.

Сот отырысы барысында сотталушы Б. тағылған айыпты мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.

Сот үкімімен сотталушы Б. ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық теріс қылық жасауда кінәлі деп танып, оған 56 725 теңге сомасына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі