Қызметтiк жалғандық жасау және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының Железин аудандық соты (қызметтiк жалғандық жасау және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) ҚР ҚК 369-б. 2-б., 361-б. 2-б. бойынша азаматша К. Веселорощинск ауыл округінің әкіміне қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы К. лауазымды тұлға бола тұра, аудандық мәдениет үйді жөндеу бойынша 20.10.2016 ж. №1 және 2 істелінген жұмыс үшін «А» ЖК-нің істелінген жұмыс туралы құрамында жалған ақпарат болған актілерге қол қойды, оның нәтижесі бойынша мемлекетке 12 077 700 теңге соммасында матриалды зиян келтірілді.

Сот талқылауы барысында, сотталушымен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде процессуалдық келісімді жасасу туралы өтініш берілді.

Сот үкімімен К. ҚК-тің 369-б. 2-б., 361-б. 2-б. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлікті тәркілеу, 1 жыл 9 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу түрінде түпкілікті  жазаны тағайындаумен мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін өзі басқару органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк және оның ведомстваларда, мемлекеттік ұйымдарда және ұйымдар жарғы капиталында мемлекеттің үлесі елу пайызға жуық құрайтын, соның ішінде ұлттық басқару холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттардың акционері мемлекет болып табылатын, олардың еншілес ұйымдарда елу пайызға жуық дауыс беретін акцияларда (қатысу үлесі) оларға тиесілі, сондай-ақ заңды тұлғаларда елу пайызға жуық дауыс беретін акцияларда (қатысу үлесі) көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі, лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

13.12.2016 ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР-сы Заңының 2-б. күшіне, сотталған К. бас бостандығын шектеу түрінде негізгі жазадан босатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі