Май аудандық сотында Медиация туралы Заңын және пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотының БАҚ-пен байланыс қызметін үйлестіруші сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова аудандық жергілік «Шамшырақ» редакциясының тілшісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылуы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізді.

Сот төрағасы ҚР Медиация туралы Заңын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау барысында қолдану тәжірибесіне тоқталып, соттың іс жүргізу міндеттерінің бірі тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу болып табылатынына тоқталды.

Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, пилоттық жоба аясында олар бойынша медиация жүргізу міндетті болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттарын, пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттарын, пилоттық жобаның қатысушылары кімдер болып табылатынын, Ереженің медиацияны жүргізу тәртібі көзделген 7-тармағының талаптарын түсіндірді.

Шара барысында БАҚ өкіліне Медиация туралы Заңды қолдану, пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер берілді.

Источник: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі