Май аудандық сотында Павлодар облысының МКҚБ қызметкерлерімен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотында Павлодар облысының МКҚБ қызметкерлерімен сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Ұ. Рахимбергенова, кеңсе меңгерушісі З. Жүнісбаева, сот приставы мен сот мамандары және МКҚБ қызметкерлері қатысты.

Семинар өткізудің негізгі мақсаты - сот қызметкерлерінің сот талқылауына қатысушылармен процессуалдық емес қатынастардың алдын-алуы және ескертуге кешенді түрде шаралар қолданып, кіріп-шығу режимінің талаптарын сақтау болып табылады.

Сот төрағасы Ұ.Рахимбергенова семинарға қатысушылардың назарына тиісті жұмыстың белсенділігін күшейтуге және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кіріп-шығу режимін ұйымдастыруға қажеттігін көрсетті. МКҚБ қызметкерлерінің назарына сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің Ереже талаптарын қатаң түрде сақтауына аударылған.

Источник: 
Май аудандық баспасөз қызметті