Май аудандық сотында жаңа қылмыстық-процестік заңнама аясында тергеу судьяларының қызметі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотында «Соттардағы айыптау мен қорғау арасындағы теңдікті қамтамасыз ету: тергеу судьяларының өкілеттілігін арттыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова, аудандық прокуратурасының, ішкі істер бөлімінің және адвокаттар қатысты.

«Дөңгелек үстелде» тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер, атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысы, кепілді қолдану, іздеу жариялау, күзетпен ұстау, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою және т.б. өзекті мәселелер талқыланды.

2015 жылдың басынан бастап республикада тергеу судьяларының институты жұмыс істеп келеді. Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары тарапынан тағайындалған тергеу судьяларына үлкен өкілеттілік берілген.

«Ұлт Жоспарының» шеңберінде барлық тергеу қызметіне қатысты өкілеттіктерді тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.

Қазіргі таңда тергеу судьясы сегіз процестік әрекетке санкция береді. Сот бақылауын күшейту аясында тергеу судьясына бірқатар қосымша өкілеттіктер берілді. Бұған қарауға, алуға, тінтуге және жеке тінтуге санкция беру жатады.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар жаңа қылмыстық-процестік заңнама жағдайында тергеу судьяларының жұмысын жақсартуға бағытталған әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.

Источник: 
Май аудандық баспасөз қызметті