Мемлекеттік мекеме өкілдерімен оқыту семинары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 21 қазанында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Іс жүргізу процесінде ақпараттық технологияларды еңгізу» тақырыбына семинар сабағы өткізілді. Іс шараға сот төрағасының м.а. М.А.Иванова, соттың мамандары, «Кенжеколь ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-сі, «Павлодар қаласының ІІБ» ММ-сі, «Екібастұз қаласының білімі беру бөлімі» ММ-нің өкілдері қатысты.

Семинар жұмысының ашылу барысында сот төрағасының м.а. М.А.Иванова іс жүргізу процессінде ақпараттық технологияларды толық еңгізу, соның ішінде «Сот кабинеті» электрондық сервисі жұмысы жөнінде, халыққа сот жүйесінің басымды қол жетерлікке жетуге жол беретіні жөнінде қатысушылырдың мәліметіне жеткізді.

Мемлекеттік мекеме өкілдері соттың кеңсе меңгерушісі Г.Ж.Мұхаметжановадан «Сот кабинеті» электрондық жүйесі бойынша азаматтық және әкімшілік істерді жолдау сұрақтары бойынша толық ақпараттар алды.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі