Мұраны қабылдау фактіні анықтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен мұраны қабылдау заңды фактісін анықтау туралы аз. З-нің арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың қаңтар айында оның әкесі З. қайтыс болған, осыған орай Павлодар облысының Железин ауданы Михайловка ауылында орналасқан, жер участкесімен бірге тұрмыс үйі түрінде мұра ашылды. Арызданушы З. мұраға құқық туралы куәлікті алу үшін нотариусқа жүгінген, бірақ нотариус белгіленген мерзімде арыз түспегеніне байланысты, аталған құжатты беруден бас тартқан.

Сотта істі талқылауына дайындау барысында, арызданушының анасы– мүдделі тұлға З-дан, оның жұбайы қайтыс болғаннан кейін қалған мұра меншігінен бас тарту туралы нотариалды куәландырылған арыз сотқа түсті.

Сот отырысында арызданушы, арызда көрсетілген дәлелдемелерді қолдап, оның арызын қанағаттандыруын сұрады.

Сот арызданушы аз. З-ның талабын қанағаттандырып, жер участкесімен тұрмыс үйі түрінде мұраны қабылдау заңды фактісін анықтады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі