Отбасында жанжал шығарғаны үшін қамаққа алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы құқыққы қарсы әрекет бойынша іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқыбұзушы Ж., 2017 жылы 28 шілдеде сағат 13.00-де алкогольді мас күйінде бола тұра, бірге тұратын әйелі Ж.А.-ға жанжал ашып, былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Осы факт бойынша Ж.-қа қатысты ӘҚБтК-нің 73 бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды. Сот талқылауы барысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап істеген әрекетіне өкініп, өз жұбайы Ж.А.-дан кешірім сұрады. Бірақ азаматша Ж.А. өзің жодасы Ж.-ны кешірмей, бүкіл заң талабы бойынша жазалауды сұрады.
Сот қаулысымен құқықбұзушы Ж. ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке камаққа алу әкімшілік жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Май аудандық баспасөз қызметті