Пәтерді су басу туралы іс медиациялық келісімге жетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақсу қалалық сотымен талапкер К.-ның азамат Т.-ға пәтерге су басу салдарынан әкелген шығынды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талап арызда жауапкер Т. талапкердің бір қабат төмен тұратын пәтеріне су басқан. Дәліз, ас үй және бөлме су басып, киімдер мен жиһаз суланып қалған.

  Азаматтық істі қарау барысында тараптар сотқа медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім ұсынды, оның шарты бойынша талапкер жауапкерге қатысты өз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер шығынды өтейді.

Сот медиациялық келісімді бекітуге байланысты азаматтық істі қысқартып, талапкерге жергілікті бюджеттен сотқа талап арызды тапсырған кезде төленген 3478 теңге мөлшеріндегі мемелекеттік баж қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі