Пәтерге аққан судың шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қалалық сотында талапкер М-ның жауапкерлер Б. және «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен пәтерге аққан судан келген шығынды өтеу туралы  азаматтық іс қаралды.

Өз талап арызын жауапкерлер Б. Талапкер пәтеріне су кеткенін, одан бір қабат жоғары тұратынын, пәтерде тұратынын, пәтер иесі  жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ болып табылатынын айтты.

Сот ұсынылған құжаттарды зерделеп, талапкердің пайдасына жауапкерлер Б. және Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен 338 332 тенге сомасындағы материалдық шығынды  екеуіне тең дәрежеде өндірді.

Сот шешіміміен келіспеген Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің заңды өкілі аталған шешімге шағым келтірді. Павлодар облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қаулысымен шешім өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.                                                                                                                              

 

Источник: 
Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі