«Сот отырысында дыбыс-бейне жазбаны қолдану» тақырыбына семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында «Сот отырысында дыбыс - бейнежазбаны қолдану» тақырыбына семинар сабағы өтті.

Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары және аудандық сотының кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында сот отырысының хатшысы – бас маман Д.Ешматова, сот төрелігін іске асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың келешек бағытының бірі, сот ісін жүргізу барынша айқындыққа қол жеткізуге ақпаратты технологияларды қолдану, соның ішінде бейне-бейнежазба қолдану деп атап өтті.

Сот отырысының хатшы - бас маман Д. Ешматова сот отырысының дыбыс-бейнежазба қолдану бойынша практикалық түсіндірме жұмысын қолдануды өткізді.

Семинар барысында нұсқаулыққа сәйкес дыбыс-бейнежазбаны  қолданудың кейбір кездері талқыланды.

Сабақты аяқтай отырып, кеңсе меңгеруші заманауи ақпараттық технологияларды қолдану облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттардың жұмыс көрсеткіштердің критерийлерінің бірі болып табылатынын  атап өтті.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі