«Сот шешімін орындау тәртібі » семинар-кеңесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот шешімін орындау тәртібі» тақырыбына семинар-кеңесі өтті.

Семинар жұмысына соттың судьялары, прокурор Г.А.Тұяқбаева, кеңсе меңгерушісі Г.Ж.Жанабекова, Павлодар облысынң атқару органының жеке сот орындаушысы А.Ю.Цечоев қатысты.

Сот төрағасының м.а. М.Дәйкенов өзінің сөз сөйлеуінде қатаң түрде  сот шешімін орындау қажеттілігіне назар аударды.

Семинар-кеңесінің қатысушылары сот талқылауына қатысушы тараптары жағынан түскен шағымдарды алдын алу үшін сот актілерін орындаумен байланысты өзекті мәселелерді талқылап өтті.

Соңында семинарға қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

Источник: 
павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі