Сотпен жеке кәсіпкерден автосигнализацияны орнатқан кезде көліктің ақауына әкеп соққаны үшін залал өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотында азамат К-нің жеке кәсіпкерге қатысты ABS блогының құны түрінде, автосигнализация орнату бойынша қызмет құны және 1 000 000 теңге көлеміндегі моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызы қаралды.

Іс фабуласынан 2015 жылғы желтоқсанында жеке кәсіпкер талапкердің көлігіне автосигнализация орнатқаны анықталды. Автосигнализацияны орнатқанға дейін көлік құралы жарамды жай-күйде болды. Оны орнатқаннан кейін «Check engine»ақауы (қателігі) пайда болды, ол көлік электроникасын тексеру қажеттілігіне сілтеді. Автосигнализацияны орнату кезінде жауапкердің көлік құралын диагностикадан өткізу үшін «Peigeot» фирмасының лицензиясы болған жоқ. «Peigeot» маркасының автомобильдеріне автосигнализацияны орнатушы сертификаты да болған жоқ. Автосигнализация орнатылғаннан кейін автомобильдің электрондық жүйесінде ақаулар табылды. Сотпен сапасыз автосигнализация орнатуда жеке кәсіпкердің кінәсі анықталды, одан ABS блогындағы ақаулар пайда болды.

Жеке кәсіпкер тұтынушының заңды қызығушылықтары мен құқықтарын бұзғандықтан, жауапкерден  талапкердің пайдасына материалдық зиян мен моральдық өтемақы өндіріліп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі