Архив событий

14/04/2017

Павлодар облыстық сотында ЖОО-ның студенттері үшін экскурсия өткізілді

14/04/2017

Құқықтық ағартушылық бойынша айлық өткізу бойынша жоспарын орындау шеңберінде С.Торайғыров Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Заңтану» факультетінің екінші курс студенттері танысу экскурсиясына Павлодар облыстық сотына шақырылды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша семинар

14/04/2017

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша мамандардың қатысуымен  семинар Екібастұз қалалық сотында семинар өтті. Баяндамамен аға сот приставы Б.Ж.Мұхаметжанов сөз сөйледі.

Семинарда сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың негізігі қағидалары талқыланды, ол ең алдымен азаматтармен жұмыс істеген уақытта ашықтық пен жариялауды қамтамасыз ету және әдеп кодексінің талаптарын сақтау болып табылады.

Екібастұз қалалық сотында 2017 жылғы 1 тоқсан үшін жұмыс қорытындысы жасалды

14/04/2017

Екібастұз қалалық сотында 2017 жылдың І тоқсанында сот төрелігін шығару қорытындысы бойынша брифинг өтті.  Брифинге жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері, Екібастұз қалалық сотының судьялары қатысты.

Ағымдағы жылдың сот жұмысының қорытындысымен БАҚ-мен жұмыс бойынша үйлестіруші-судья таныстырып өтті.

Мас-медиа өкілдері сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерімен және сот жұмысының жаңалықтарымен танысып өтті.

Сотпен пробация қызметінің 26 ұсынысы қаралда

14/04/2017

Ертіс аудандық сотымен орташа және онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін сотталған тұлғаларға қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы Ертіс ауданы пробация қызметінің 26 ұсынысы қаралды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты амнистия туралы» Қазақстан Республикасы Занының 2-бабы талаптарына сәйкес, аса ауыр емес, сондай-ақ орташа қылмыс жасаған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдар негізгі жазадан босатылады.