Архив событий

19/04/2017

Азаматтың құқықтары қалпына келтірілді

19/04/2017

Павлодар қалалық сотында азамат Ц-ның Павлодарское ауылының әкіміне қатысты 2016 жылдың 19 тамызындағы Павлодарское ауылының әкімі өкімінің күшін жою мен заңсыз деп тану туралы өтініші қаралды.

2016 жылдың 16 тамызындағы жер пайдалану мен жер учаскелерін меншікке беру бойынша құрылған қалалық комиссия қорытындысының негізінде 2016 жылдың 19 тамызындағы Павлодарское ауылының әкімі өкімімен азамат Ц-ға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 10 жылдық мерзімге уақытша жер  пайдалануға (жалға алу) жер учаскесін беруден бас тартылды.

Жұмыста дәлелді себепсіз болмауына байланысты жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын бұзуға құқылы

19/04/2017

 

Павлодар қалалық сотымен талапкер И-дің АҚ-на қатысты жұмыста қайтадан қалпына келтіру, мәжбүрлі түрде жұмысты босатқаны үшін еңбек ақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес азамат И,  2001 жылдан 08.10. бастап 2016 жылға 15.06. дейін заводта жұмыс істеген. 2016 жылдың 7 маусымнан 8 маусымдағы түңгі сменасында жұмыста болмаған. Жұмыста дәлелді себепсіз болмауына байланысты 2016 жылдың 15 маусымдағы жұмыс берушінің бұйрығымен жұмыстан босатылды.

Мәміле жарамсыз деп танылды

19/04/2017

Павлодар қалалық сотымен Банк талап арызы бойынша жауапкерлер Т., Н., Е., Б., қатысты мәмілені жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Экономикалық сотта «Борышкердің лауазымды адамының субсидиялық жауапкершілігі» тақырыбына семинар өткізілді

19/04/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларымен «Борышкердің лауазымды адамының субсидиялық жауапкершілігі» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарды аша отыра, сот төрағасы М.А. Рысбеков, 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен (әрі қарай – Заң) борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) және лауазымды адамының субсидиялық жауапкершілігі көзделгенін баяндап айтты.