Архив событий

13/04/2017

Қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

13/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 бабының 4 бөліміне сәйкес (қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) азаматша. К.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «дөңгелек үстел» өтті

13/04/2017

Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотында «Соттармен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына төраға Н.Есенжолов, кеңсе менгерушісі М.Негметжанова, Павлодар қаласының прокуратурасының прокуроры С.Альжанов және Павлодар қаласының Ішкі істер бақармасының өкілі А.Қожахметова қатысты.

Заңсыз алкоголь саудасы

13/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен З. ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлімі 7-тармағымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаупакершілік ретінде 79 415 теңге айыппұл салынды.

Сотта істі қарау барысында 0,5 л. пластикалық ботелке 146 данада және 0,5 л 20 ботелке 85 қорапты алкоголь өнімдерін спирт құрамын құрайтын тегі анықталмаған сұйықтықты ілеспе жүкқұжаттарынсыз тасып өткізді.

Сотта құқықбұзушы З. өз кінәсін толық мойындап, соттан өзін қатал жазаламауды сұрады.

Павлодар қаласының Әкімшілік «дөңгелек үстел» өткізілді

13/04/2017

Павлолдар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Семинар жұмысына судья М.Мусабаев, «Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ, «Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ өкілдері қатысты.

Судья М.К.Мусабаев әкімшілік жауапкершілікке тартудың негіздерін түсіндірді.

ҚР Энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Павлодар облысы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді

13/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық орнатылған тәртібін бұзған үшін» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға судья С.М.Искакбекова, ҚР Энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша аумақтық  департаменті өкілдірі Е.К.Бельгибаева, А.Е.Сыздыкова, Кыстаулетова Ж.А. қатысты.

Судья С.М.Искакбекова баяндама оқыды.

Ертіс аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті

13/04/2017

Іс-шараға Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржанова және  жергілікті бұқаралық ақпараттар өкілі «Ертіс» газетінің тілшісі қатысты. Баспасөз мәслихатында судья тергеу судьясының институты туралы айтып өтті.

Құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу

13/04/2017

Шарбақты аудандық сотының кеңсе меңгерушісімен сот мамандырының қатысуымен «Құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шара барысында сот актілері мен құжаттарды әзірлеуде жиі кездесетін мәселелер талқыланып, мемлекеттік тілде жолдама хаттарды, сот хабарламаларын жасау, құжаттарда грамматикалық, орфографиялық және стилистикалық қателер жібермеудің  алдын - алудың   негізгі жолдарын  атап көрсетілді.

Азаматтық процесстік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар талқыланды

13/04/2017

Шарбақты аудандық сотында «ҚР Азаматтық процесстік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судьялар, аудан прокуроры көмекшісі, адвокат және заңгерлер қатысты.

Селфи бұзақы 2

13/04/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен (әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық, яғни жеке тұлғалардық тыныштығын бұзатын, қоғамдық орынды ластайтын әрекеттер) жауапкершілікке тартылған К-қа қатысты әкімшілік істі қарады.

«Сотқа құрметтемеушілік білдіру» тақырыбына «дөңгелек үстел»

13/04/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіру»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына сот төрағасы Ғ.Қалдаров, судья Д.Нұрсұлтанова, Екібастұз қаласы ІІБ ЖПҚ қызметкерлері, кеңсе меңгерушісі қатысты. 

Ар-намысын, абырой, қадір қасиетін қорғау туралы азаматтық ісі бойынша медиативтік келісім бекітілген

13/04/2017

Баянауыл аудандық сотымен талапкер Б. жауапкер Ж. ар-намысын, абырой, қадір қасиетін қорғау туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша 2017ж.22.02. талапкер А. ММ-де жұмыс орынында бола тұра жалпы білім беру мектебінің әлеуметтік ұстазы Ж.ға қамқоршылықты рәсімдеу мәселесі бойынша хабарласқан, жауапкер Б. талапкермен сөйлесу барысында айғайлап, оған былапыт ауыр сөздер айтып, кәсіби емес қызмет атқаратындығын айтқан. Аталған іс-әркетімен жауапкер талапкердің ар-намысын, абырой, қадір қасиетін қорлаған.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін орындамау

13/04/2017

Май аудандық сотымен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін дәлелді себептерсіз орындамау туралы әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, азаматша Б.-ның қарамағында 4 кәмелетке толмаған балалары бар, ол оның тәрбиесімен айналыспай алкогольды ішімдіктерді балалардың көзінше шамадан тыс пайдаланады.
Сот қаулысымен азаматша Б. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК -15 883 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
 

Мәжбүрлеп емделуге жолдау туралы істер бойынша сот ісін жүргізу мәселелері тақырыбына «дөңгелек үстел»

13/04/2017

Май аудандық сотында «АІЖК-нің 39  тарауы бойынша наркология ұйымына алкогольден мәжбүрлеп емделуге жолдау туралы істер бойынша сот ісін жүргізу», сондай-ақ «АПК-нің 40 тарауы бойынша емделуден жалтараған және туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емделуге жолдау бойынша сот ісін жүргізу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.   

Биологиялық әкесі әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы талап арызды мойындады

13/04/2017

2015 жылғы туылған баланың анасы, биологиялық әкесі азаматтық хал актілерін тіркеу органдары әке болуды анықтау туралы өтініш бермеу себебінен, материалдық қолдаудан шектелген, ұлын өзі жалғыз тәрбиелеуге мәжбүр болған себебтерден Павлодар облысы Ювеналдық сотына әке болуды анықтау және алимент өндіру туралы талап арызбен жүгінуге мәжбір болды. Баланың биологиялық әкесі сот молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындаудан бас тартты жазбаша өтініш арқылы талап арызды толық көлемде мойындады.

Астана қаласының балалар үйі тәрбиеленушісінің құқығын қорғады

13/04/2017

Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ өз тәрбиеленушінің мүддесін қорғау үшін баланың әкесін ата-аналық құқықтарынан айыру туралы талап арызбен Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінді. Сот үкімін орындауды кезеңінде талап әкесіне баланың предъявлялся. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанан кейін кішкентай баланың әкесі бойынша баланы отбасына қайтару бойынша ешқандай іс-әрекеттер қабылдамады, бала балалар үйінде қалды.

Кәмелетке толмаған баланың анасы ата-ана құқығы шектелген соң өз мінез-құлқын өзгертпеген

13/04/2017

2010 жылы туған кәмелетке толмаған баланың анасының ата-аналық құқығы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  шешімі шығарылды.

Егіз балалардың әкесі әкелікті тану туралы талап арызды мойындады

13/04/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен егіз қыздың әкесіне қатысты әке болуды анықтау және алимент өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды. Сотқа талап-арыз келтіруге дейін, екі баланың әкесі бес жылдан астам уақыт бойы өз еркімен азаматтық хал актілерін тіркеу органдары арқылы әкелігін мойындаудан бас тартқан. Бұл жағдай талапкермен сотқа әкелікті анықтау және одан алимент өндіру туралы талап-арызбен жүгінуге себеб болды.

Қызының тәрбиесінен жалтарған анасы, белгісіз бағытта ізін жасырған

13/04/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2017 жылғы 17 наурызда ата-аналық құқығынан айыру туралы 2003 жылы туған кәмелетке толмаған мүгедек баланың анасын шешім шығарды. Баланың анасы 2011 жылы қызын қалдырдып белгісіз бағыта кеткен. 2011 жылы баланың әкесі қайтыс болды. Баланың барлық тәрбиесі 2011 жылы 11 қазанда Май ауданы әкімдігі тағайындалған қамқоршының иығына жатты. Баланың анасы жазбаша өтініш арқылы талап қою арызды итолық мойындап талап соттан азаматтық істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрады.

Сот отырысында балалар үйі өкілі ата-ана құқығын айыру туралы талап арыздың талабын ата-ана құқығын шектеуге өзгертті

13/04/2017

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, 2009 жылы туған жасөспірім Ольга 2014 жылы "Качир балалар үйі" КММ-не орналастырылды. 2016 жылы баланың анасы шартты мерзімінен бұрын босатылып, күнтізбелік бір жылдың мерзімінде өз қызын тек екі-ақ рет халін білді, қызының отбасылық тәрбие қайтару жөніндегі ешқандай шаралар қолданбаған. Кішкентай баланың анасы өз мінезін өзгертпеген және ұзақ уақыт бойы қызының тәрбиесінен жалтарған, "Качир балалар үйі" КММ-мен сотқа ата-ана құқығын айыру туралы талап қою арызбен жүгінуге негіз болды.

«Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарының нормаларын қолдану» тақырыбына «дөңгелек үстел»

13/04/2017

Успен аудандық сотында  «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Успен аудандық сотының төрағасы, судья, Успен аудандық ІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстелде» төраға Г.Мухаметкалиева баяндама жасап,  Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын оқып таныстырды.

«Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел»

13/04/2017

Успен аудандық сотында «Жеке айыптау істерінің сотта қаралу ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталға іс-шараға Успен аудандық сотының төрағасы, судья, бас маманы, Успен аудандық прокуроры, Успен ауданының ІІБ Жергілікті Полиция Қызметінің инспекторы қатысты.