2017 жылғы 1 жартыжылына соттың атқарылған жұмысы туралы қорытынды шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында ағымдағы жылдың 1 жартыжылындағы сот жұмысын қортындылау бойынша пресс-конференция өтті.

Пресс-конференциға сот төрағасы Ғ.Ертаев, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова, жергілікті бұқаралық ақпарат құралының «Родные просторы» газетінің корреспонденті А.Ханенко және сот қызметкерлері қатысты.

Пресс – конференция барысында сот төрағасы ағымдағы жылдың 1 жартыжылында есеп беру кезеңі бойынша статистикалық мәліметтерді оқып, 2017 жылда  «Сот кабинеті» арқылы арыздарды қабылдау, сот отырысы тағайындау туралы СМС хабарландыру, сонымен қатар, электронды сотқа шақыру  қағазын жіберу жаңа технологиялар пайдалануы жалғастырылуда деп көрсетті.

Осы электрондық жүйені қолдану барысында арызды қабылдау процессін және сот қызметкерлерінің жұмысың оңайлатады. Осы уақытқа дейің 102 талап арыз, 196 әкімшілік іс электронды түрде қабылданғанын атап өтті.

Сонымен қатар, медиация институтың енгізілу жұмысы жалғасып жатыр. Медиатордың қатысуымен 3 қылмыстық, 1 азаматтық, оның ішінде 1 іс партисипативтік келісімімен  және 26 әкімшілік істер қаралды.

Сот қызметкерлерінің түсіндіру мақалалары БАҚ-та жарияланады, сонымен бірге резонансты істер бойынша судьялар брифинг өткізеді. Сот жүйесінің жаңалықтарын Павлодар облыстық соттың ресми Веб сайтынан және Железин ауданының Акиматының сайтынан алуға болады.     

Қатыстып отырған БАҚ өкілінің сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

Источник: 
Железин аудандық сотының баспа сөз қызметі