«ҚР Бас прокуратурасының және ҚР Жоғарғы сотының сұранысы бойынша істерді жолдау» тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР Бас прокуратурасының және ҚР Жоғарғы сотының сұранысы бойынша істерді жолдау» тақырыбында семинар откізілді. Семинар отырысында кеңсе меңгеруші Х. Сагадеев және мамандар қатысты.

Бас маман - мұрағатшы Г.Аскарова баяндамасымен сөз сөйледі. Г.Аскарова әріптестеріне мәлімет етті, Жоғарғы сотқа және Бас прокуратураға шағымдар және арыздар түсуіне байланысты қылмыстық істерді сұратады, және де істі кассациялық сатыда қарауға арыздар түскен кезде. Қылмыстық істер қысқа уақытта жіберілуі тиіс. Және де Г.Аскарова, әр істің томы нөмір қойылып, 180 бетке толып, барлық томда атауы бірыңғай болуы керек, бірдей құжат екі томға  бөлінбей бір томда болуы қажет. Қылмыстық іс тиісті түрде көрінуі керек. Оған қоса жолданатын іс қағаз қорапта немесе мөшекте болуы тиіс,ашылу мүмкін жерлерінде мөр қойылуы қажет.

Істі қайтарған уақытта мұрағат маманы дәлелді заттардың, іспен бірге жіберілген таспаны, конвертты тексеріп алуы қажет.

Семинар жұмысын соңында Г.Аскарова қылмыстық істің жіберуін, жолдама хаттардың түрін көрсетті.

Сұрақтарға тиісті жауаптар алынды.

 

Источник: 
Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының баспасөз қызметі