Май ауданының прокуратурасының ғимаратынды бірлесіп өткізілген «Әкімшілік айыппұлдарын өндіру сұрақтары бойынша: оның проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Май ауданының прокуратурасының ғимаратына аудан прокуроры С.Р.Теміров және сот төрағасы Ұ.К.Рахымбергеновамен «Сот актілерінің орындалу сұрақтары бойынша: оның проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында аудан прокуратурасының прокуроры С.Жакубаева, жеке сот орындаушы А.Бақтияров, мемлекеттік сот орындаушы А.Шүкенов, Май ІІБ басшысының орынбасары Қ.Серікбаев, әділет басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері мен аудандық ІІБ-ң ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары мен жол-патрулдық полиция өкілдері және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Дөңгелек үстел барысында аудан прокуроры С.Теміров аталған іс-шараның өткізілу себебі – сот актілерінің әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ соттың шешімімен өндірілген мемлекеттік баж, айыппұлдар ұзақ мерзім бойынша орындалмау себептерін анықтау екендігін айтты. Және Павлодар облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасының мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 7 ай ішінде айыппұл өндіру пайызы Май ауданы бойынша 72,6% құрады.

Сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова өз баяндамасында сот актілері орындалмаған істер тікелей бақылауда екендігін айтып, сотпен сот актілерін орындау Департаментіне ескертпелер уақытылы жіберіліп отыратындығы, алайда сот актілерінің бәрі бірдей орындала бермейтіндігін айтып кетті. Сот актілерінің орындалмауы өз кезегінде сотқа жүгінген тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделеріне, мемлекеттке өз зиянын тигізеді, орындалмаған сот актілері өз маңыздылығын жоғалтатынын назар аударды.

Павлодар облысының Аймақтық палатаның жеке сот орындаушысы А.Бақтияров өз түсіндірмесінде сот актілерін орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы және алдағы уақытта сот актілерін орындау бойынша жұмыстарын күшейте түсетіндігін айтып өтті.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қатысушылар сот актілерін өз уақтысында орындалуына жан-жақты атсалысатындықтарын айтты. Сонымен қатар, осындай шаралардың көбірек ұйымдастырылу керектігі жайлы ұсыныстар түсті. Өйткені осындай шаралар барысында сот актілерінің орындалуы бойынша кемшіліктері анықталып, сол кемшіліктерді жою мүмкіндіктері туады.

«Дөңгелек үстел» соңында сот актілерін орындау бойынша жүргізілетін жұмыстардың сапасын арттырып және шаралар әзірлеу керектігі жайлы қатысушылардың пікірлері тыңдалды.

Источник: 
Май аудандық сотының баспасөз қызметі