«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Железин аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту»    тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге судья А.Т.Бесеева, славян этно-мәдени бірлестігінің және әлеуметтік келісім кеңесінің мүшесі Л. Ряднова, Железин  ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту орталығы мен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Аужанов және   кеңсе мамандары  қатысты.

Іс шараның мақсаты - Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.

Дөңгелек үстел барысында судья А.Бесеева, мемлекеттік тілді дамыту әр азаматтың, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің міндеті және  борышы екенін айтып,  қазақ тілі - қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатынын және қазақ тілінің ары қарай дамуына біз барлық күшімізді салуымыз қажет екенін,  мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, мемлекеттік тілді іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтер туралы айтып өтті.

Өз баяндамасында,   мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының табысты түрде іске асырылып отырғаны туралы, сондай-ақ еліміздегі толеранттылықтың, өзара түсінушіліктің дами түскенін және еш кедергісіз барлық еліміздегі ұлттардың тілдері мен мәдениетінің сақталып отырғанын, сонымен қатар, халық игілігіне арналып мәдени өсиет мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақ тілінің даму тарихын зерделеу бойынша ауқымды жұмыс өткізілгенін айтып өтті.

Сонымен қатар, жұмыста қазақ тілі грамматикасын дұрыс қолданбау, жиі кездесетін орфографиялық қателер сараланып, талқыланды.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар іс шараның жұмысын қорытындылай келе, қазақ тілінің мемлекеттік қызметте қолданылуы мен дамуына қатысты мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салып, сотта мемлекеттік тілді дамытуды және қолдану аясын одан әрі кеңіту бойынша ұсыныстар келтірді.

 

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі