«Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» тақырыпқа «дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы » атты тақырыпта дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шараға Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.М.Ертаев, Железин ауданының прокуратураның прокуроры С.Қалым, ҚР ҰҚК ШКҚ 2033 әскери бөлімінің әкімшілік құқықтық жұмыс бойынша бақылаушы қатардағы жауынгер А.Кулатаев   және  сот қызметкерлері  қатысты.

Сот төрағасы Ғ.М.Ертаев, «Халықтың көші-қон туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағына сәйкес, көшіп келушілер Мемлекеттік шекараны өткеннен кейін 5 күнтізбелік күнде ішкі істер бөлімінде тіркелуге міндетті екенін, айтып өтті.

 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының  аумағында болу тәртібі туралы
келісімге сәйкес, басқа Тараптың аумағында уақытша болатын бір Тараптың азаматтары болу Тарапының құзыретті органдарында 30 күн ішінде тіркелу міндетінен босатылады, бір Тараптың азаматы басқа Тараптың аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, көрсетілген азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге міндетті.

Осыған орай, РФ азаматтарына тіркелу тәртіп міндеті 31- күннен басталады.

 Көрсетілген құқықтық нормалар мәні бойынша,  РФ азаматтары тек қана 30 күн өткеннен кейін 5 тәулік ішінде тіркелулері міндетті.
         Сот төрағасы Ғ.М.Ертаев,  2017 жылдың 1 жартыжылдығында сотпен ӘҚбК 517 бабының 2,4,5,7  бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа 45 тұлға, 19 тұлға 577 456 теңге айыппұл түрде, 16 тұлға әкімшілік камаққа, 10 тұлғаға – ҚР шегінен әкімшілік жолмен кетіру түріндегі әкімшілік жаза қолданылған, айтып өтті.  

 РФ азматтарына тағайындалған айыппұлдар ерікті түрде төленгендері назарға алынды.

 Сот төрағасы Ғ.М.Ертаев, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің     сапалы және дұрыс қаралуы толтырылған хаттаманың сапасына тікелей байланысты екенін, бірақ кейбір әкімшілік істер бойынша хаттамалар және  істің басқа да материалдарын дұрыс ресімделмейтін фактілері кездесетінін айтып өтті. Үлгі ретінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы  толтыру кезінде әкімшілік заңнамасын бұзуына жол берілген нақты істер ұсынылды.  

Іс-шара соңында, шет ел азаматтары болғандықтан себепті әкімшілік істердің заңға сәйкес ресімделуіне және сотқа уақытылы жолдануына аса назар аудару керектігін отырыс қатысушыларына баса айтылды.

«Дөңгелек үстелдегі» қатысушылар осы шараның өзектілігін, сондай-ақ осы кездесу әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңын қолдануда туындайтын көптеген мәселелерді шешуге оң ықпал бергенін атап өтті.

 

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі