Сот өндіруді кепілге қойған мүлікке айналдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин  аудандық сотымен ММ «Озерное ауыл аумағының Әкімдігі» және ММ «Жер қатынастары бөлімі» үшінші тұлғалар ретінде тартумен  кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы ЖШС, азамат У-ға жауапкерлерге қатысты АҚ-ның «TengriBank» талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Банкпен ұсынылған талап, несие шартының негізінде жауапкерлерге 19 000 000 теңге соммасында несие берілді, деп дәлелденді.

Несие шарты бойынша міндеттерді жүзеге асыру үшін меншік құқығымен оған тиеслі, Железин ауданының Озерное а. Озерное ауыл аумағында орналасқан У. жауапкермен кепілге екі жемқойма, мехток және жер учаскесі түрінде жылжымайтын мүлік берілді.

Павлодар қалалық сотының шешімімен жауапкерлерден берешек өндіріп алынып және атқарушы іс жүргізу қозғалды. Сот шешімі орындалмаған, өйткені борышкерде банктік шоттарда қаражат жоқтығына байланысты, осыған орай банк кепілге салынған мүлікке ақы өндіріп алуға сотты сұрады.

Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрінде хабарланғанына қарамай, жауапкердің өкілі мен азамат У. сот отырысына келмеді, алайда   арыздар мен өтінішхаттар жауапкерлерден сотқа түскен жоқ.

АК-тің 317-б. 1-т. күшіне, борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.

Сот шешімімен кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы ММ «Озерное ауыл аумағының Әкімдігі» және ММ «Жер қатынастары бөлімі» үшінші тұлғаларға, аз. У., ЖШС жауапкерлерге қатысты «TengriBank» АҚ-ның талап арызы қанағаттандырылды.

19 250 000 теңге көлемінде мүлікті сату кезінде бастапқы сату құнын анықтаумен, азамат У-ға меншік құқығымен тиесілі екі жемқойма, мехток және жер учаскесі түрінде кепіл мүлікке ақы өндіріп алынды.

 Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі