Сот жеке сот орындаушының іс-әрекетіне шағым келтіруін қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер С. жеке сот орындаушысы А.-дан тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсалған шығындарды өндіріп алу туралы талабымен сотқа жүгінді, өз талаптарын 2017 жылдың 3 наурызында электрондық сауда-саттықта Лада 21703 маркасының автокөлік құралын сатып алғанымен ынталандырды. Сатып алынған көлік 2017 жылдың 9 наурызында қабылдау-тапсыру актісі бойынша берілді. Автокөлікті алу кезінде кемшіліктер табылды, оның қорытындысы бойынша «Л» ЖШС-де дефект актісі жасалды, бұл туралы қабылдау-тапсыру актісінде жазылған. Кейіннен кемшіліктер жойылды, бұл шот-фактурамен расталады. Жеке сот орындаушысы қосымша салымдарды талап еткен сапасыз тауар сатқанына байланысты одан автомобильді жөндеуге жұмсалған 147 810 теңге көлеміндегі соманы, сонымен қатар мемлекеттік баж төлеу бойынша шығындарды өндіріп алуды сұрайды.

Сот отырысында 2017 жылдың 3 наурызындағы электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамасына сәйкес талапкер С жауапкер Б-ға тиесілі Лада 21703 маркасының автокөлік құралын сатып алғаны анықталды. 2017 жылдың 9 наурызында жеке сот орындаушысы мен азамат С-ның арасында өткізілген саудасаттық қорытындысы бойынша аталған көлікті сатып алу-сату келісімі жасалынды.

Талапкер өз кезегінде 2016 жылдың 26 желтоқсанындағы  жылжымалы мүлікті бағалау есебімен танысты, ол оны сот отырысында жоққа шығарған емес. Аталған есепте «Бағалау объектісінің сипаты мен жалпы мәліметтері» бөлімінің ескертпесінде автокөлік байқау сәтінде қолданылмағаны көрсетілген. ДВС, тораптар мен агрегаттардың жарамдылығын тексеру мүмкіндігі болмады.

Заңның 80 бабы 1 бөлімінің талаптарында электрондық аукционға қатысатын тұлғалар өтінім беруге және мүліктің бастапқы құнынан 5 пайыз көлемінде кепілдік жарнаны төлеуге міндетті екені айтылған.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаны төлеп, талапкер есепте көрсетілген кемшіліктерді есепке ала отырып, автомобильді сатып алуға ниет білдірді, сонымен қатар сауда-саттықтан көзбен қарамай-ақ мүлік сатып алу кезіндегі ықтимал тәуекелді қабылдады.

Сот жеке сот орындаушысы тауардың сапасы үшін жауап бере алмайтындығы туралы дәлелдемелерді негізді деп санады, себебі сот орындаушысы мүлік иесі болып табылмайды, одан бөлек жеке сот орындаушысы техникалық ақаулар жайында білмеуі мүмкін, себебі осы саладағы арнайы білім жоқ. Осыған орай 2017 жылдың 4 шілдесінде сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі