Сотпен әкімшілік іс бойынша құқық бұзушылық құрамының болмауы салдарынан іс жүргізуі қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен (ӘҚБтК-нің 611-б. 3-б.), көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушінің жол жүру қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы фактісі бойынша, әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша, құқық бұзушы С., көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға болып,  2017 жылдың 28 маусымында Железин аулында Дәрі Асан – Бабина көшелердің қиылысында, «ГАЗ 31029» маркалы автокөлікпен басқару кезінде қосалқы жолымен жүріп, аз. К-нің басқаруда болған «Toyota Fortuner» маркалы автокөлікке жол бермеді, деп анықталды. ЖКО нәтижесінде жәбірленушіге материалды залал келтірді, жол жүру қағидаларын бұзып оқиға  орнын тастап кеткені анықталды.

Сот отырысында С. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындамай, ЖКО кейін медициналық жәрдем көрсету үшін жедел жәрдем автокөлік келгенін, ЖКО кезінде оның жолаушы болып табылған аз. А-қа және оған толық тексерілу үшін Железин аудандық орталық ауруханаға жедел жәрдем фельдшері жүруге ұсынды. Кейін ол ЖКО орнына қайтып, металл қабылдау пунктіне дейін көлікті апаруға аз. Л-ны сұрады.

Құқық бұзушы С-пен берілген түсініктемелері куәгерлердің көрсетулермен және әкімшілік істің басқа материалдармен дәлелденді, сотпен істі шешу үшін жеткілікті деп танылды.

Сот тараптардың түсініктемелерін тыңдап, берілген дәлелдемелерді зерттеп, әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы салдарынан азамат С. қатысты ӘҚБтК-тің 611-б. 3-б. бойынша іс жүргізуі тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі