Сотпен мемлекеттік ұйымның атына жеке ұйғарым шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен жұмыста қалпына келтіру және Озерное ауыл аумағы Әкім лауазымынан жұмыстан шығару туралы Железин аудан Әкімнің өкімін күшін жою және заңсыз деп тану туралы Железин аудан Әкіміне қатысты О-ның талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот шешімімен талаптарын қанағаттандыруда бас тартылды.

Осы талап арызды қарастыру нәтижесі бойынша, сотпен Железин аудан Әкімнің атына жеке ұйғарым шығарылды. Жеке ұйғарымды шығаруға негіз, келісу комиссиясына арызбен О-ның жүгіну кезіне, комиссия жүгінуге дейін тек қана бір күн ішінде құрылды. Арызданушының шағымы келісу комиссиясымен заңмен анықталған 15 күн мерзімінде қарастырылмады, дау реттелмеген және арызды тіркеу күнінен үш күн ішінде арызданушыға қабылданған шешімін беру туралы заң талабы орындалмаған.

Еңбек кодексінің 159 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары қарайды.

Істі қарастыру барысында сотпен, талапкердің өз қалауы бойынша жұмыстан шығу туралы арызы кіріс журналы бойынша тіркелмеді. Осыдан басқа, кадр бөлімі қызметкерлері О-ның өз қалауы бойынша жұмыстан шығу туралы Әкімнің өкімін шығарған кейін таныстырмады және оған өкімнің көшірмесін бермеді.

Сонымен қатар, жауапкердің өкілдері сот отырысына дайындықсыз келеді және төрағалық етушінің сұрағына іс мәні бойынша нақты жауап бере алмайды.

 Жеке ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі