Тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин  аудандық сотымен   ұрлық жасауға қастандық және ұсақ-түйекті жымқыру фактісі бойынша Л. қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК  24 бабы 3 бөлігі- 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы, 187 бабы 1 бөлігі).

Қылмыстық іс материалдары бойынша, азамат Л. 2017 жылдың 01 шілдесінде Железин ауданы Веселая Роща ауылында  С. зейнеткердің шаруашылық ауласындағы қорадан металлды шегежұргұшты алып, жазғы асүйдің аспа құлыпты шегежұргұшпен жұлып алып, азық-түлікті ұрлап, 1500 тенге нұқсан келтірді.

Сол күннің түнгі уақытында М. азаматқа тәнді «Аққу» дүкеннің есігіндегі металлды аспа құлыпты шегежұргұшпен жұлып алған. Бірақ, Л. қосымша есік ішкі құлыппен жабылғанына байланысты, дүкеннің ішіне кіре алмай, қылмыс ниетін аяғына дейін жеткізе алмады.

Сот отырысында сотталушы Л. мен жәбірленушілер С.және М. кәсіби емес медиатордың көмегіне жүгінді.

 Сотта жәбірленушілер мен сотталушы Л., кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, барлық материалдық шығындар өтелгенін көрсетті.

Сот қаулысымен азамат Л., жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, ҚК-нің 68 бабы 1 бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі