Азаматтық, банк заңнамасының жақсарту жаңашылдықтарын зерделеу мәселесі бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 1 наурызында Павлодар облыстық сотында заңнамалық түзетулер сақтау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы Заңын жаңашылдықтарын зерделеу бойынша оқыту семинары өтті.

 «Қазақстанның Үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ел басы Н.Назарбаевтің Жарлығы шеңберінде қабылданған заң 2017 жылғы 12 наурызында заңды күшіне енді.

Іс-шара өткізу барысында судьялар мәміле жарамсыздығының дауланатын және маңызсыз мәмілелерге бөлінуін, өндіріп алуға жататын айып төлеуді кішірейту, сондай-ақ банк қарызының мәмілесі бойынша қарызды өндіріп алу туралы дауды шешу тәртібін талқылап өтті.

Семинарды қорыта келе сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударылды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі