Экономикалық сотта «Гибридтік электрондық пошта арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібі АС «Төрелік» арқылы» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот  қызметкерлерінің қатысуымен «Гибридтік электрондық пошта арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібі АС «Төрелік» арқылы»» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. М.Задко «Гибридтік электрондық пошта» арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібін түсіндіріп өтті. Гибридтік почта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почта.Осы жағдайда  тапсырыс беруші почта қызметкеріне электрондық құжаттарды пайдаланушыға электрондық тасығышта берілетін немесе пайдаланушының дербес компьютеріне жіберілетін электронды хабарламаны жолдап, ол почта мекемесінде қағаз түрінде шығарылып, конверттерге салынып алушыға шұғыл жеткізіледі. Бұл бір жағынан тапсырыс берушінің хат-хабарды жіберу шығынын азайтып, мысалға көп көлемдегі шоттар мен хабарламаларды, ал екінші жағынан почта қызметкеріне қағаз хаттарды жеткізу бойынша қолайлы және сапалы қызмет ұсынуға мүмкіндік береді.

Сот жүйесі алдында тұрған басым міндеттердің бірі сот істерін қарау кезінде жеделдікті арттыру және тараптарға уақытынша хабарлауды қамтамасыз ету болып табылатынын ескерсек, көпсалалы жөнелту жобасын енгізу жергілікті соттарға хат-хабарларды өңдеуге жұмсалатын уақытты үнемдеумен қатар, оны жөнелту процесін тездетуге де мүмкіндік береді.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық соты