Экономикалық сотында мамандардың қатысуымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық сотында «Бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы сот отырыстарын өткізу және қолдану» тақырыбына сот мамандардың қатысуымен семинар сабағы өтті.

Сот  кеңсе меңгерушісінің м.а. М.Задко соттың барлық қызметкерлеріне жұмыста Қазақстан Республикасы соттарында бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдану қажеттілігін, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдану мақсаты 1) істерді қараудың процестік мерзімін қысқарту және сақтау; 2) іске қатысушы адамдар мен олардың өкілдері, сондай-ақ сот отырысында объетивті себептер бойынша іске қатысуға  мүмкіндіктері жоқ мамандар, куәгерлер, сарапшылар, аудармашылардың қатысуы болып табылатынын атап өтті.

Семинар барысында соттың қызметкерлері Қазақстан Республикасы соттарында бейнеконференцбайланыс жүйесін қолданумен сот отырыстарын өткізуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық соты