Есірткі затының контрабандасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен  ҚК-нің 296-бабының 2-бөлімі, 286-бабының 1-бөлімімен (есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, котрабанда) Б.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың 30 желтоқсан айында азамат Б., Ақмола облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылында ата-анасында қонақта бола, көшеде қағазды түйіншекті тапқан. Нақты зат кептірілген марихуана екенін біле тұра, джинсы шалбарының қалтасына салды. Азамат  Б.   «Вольво» маркалы автобуспен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өту кезінде шекаралық қызметкерлермен тексеру барысында, солжақтағы кеудешенің қалтасында, яғни қағазды түйіншекте,  жалпы салмағы 1,14 грамм шағын көлемінде кептірілген марихуана - есірткі заты табылды.

Сот үкімімен азамат Б.  ҚК-нің 296-бабының  2-бөлігі, 286-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып және  ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мүлікті тәркілеусіз, мемлекет пайдасына 1 134 500 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сотталушы Б.-мен 1 134 500 теңге мөлшерінде тағайындалған айыппұл мемлекет пайдасына өз еркімен төленді.

  Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі