Мас күйінде көлік басқару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көлік құралын басқаруға құқығы жоқ, алкогольді мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 наурызында сағат 02.00. шамасында азамат А. алкогольді мас күйінде «Volksvagen Passat» маркалы автокөлігін басқарған.

Тексеру кезінде жүргізуші көлік құралын басқару құқығы болмай, алкогольді мас күйінде болғаны медициналық куәландырумен анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес А. орта дәрежелі алкогольді мас күйінде болған.

Сотта А. кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 20 тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі