«Медиацияны қолдану» дағы тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ертіс аудандық сотында «Медиацияны қолдану» дағы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына судья Д.Нұржанова, аудандық прокуратурасының прокуроры, НПО кәсіби аудан медиаторы қатысты.

Іс-шара барысында судья Д.Нұржанова Қазақстанда бес жылдан астам «Медиация туралы» заңы қолданыста екендігін атап өтті. Бүгінгі таңда дауларды шешу баламасы болып табылатын бұл жүйе белсенді түрде дамып, көптеген дамыған елдер мен мемлекеттерде жақтаушыларын табуда. Медиацияның артықшылығына  уақыт үнемділігі мен құпиялықты сақтауы және де сотқа қарағанда, қаржы шығындарының төмен болуын жатқызуға болады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар өз тарапынан пікірлерін айтып, шараның маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі