Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2017 жылдың 1 тоқсандағы соттың жұмыс қорытындысы бойыншасот төрағамен судьялармен жұмыс жиналысы өткізілді.

Сот төрағасы М.А. Рысбеков2017 жылдың 1 тоқсаны бойыншасоттың жұмыс қортындылары туралыаналитикалық анықтаманы баяндады. Мұнда шығарылған шешімдер, қабылдаудан бас тартылған, қайтарылған және қарастырусыз қалтырылған талап арыздардың саны туралы айтылды.

Сонымен қатар, 2016 жылмен салыстырғандататуластыру рәсімдерінің саны көбейгені аталды, кездесу барысында татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары талқыланды.

Осылайша, 2017 жылдың 31 наурыз күніне71 іс бойыншаөндіріс тоқтатылған, оның ішінде 28 немесе 39,4% талаптан бас тарту, 34 немесе47,8%медиация рәсімімен байланысты, 9 немесе 12,6% тараптардың бейбітшілік келісімге келуімен аяқталған.

2016 жылмен салыстырумен сот төрелігінің жүзеге асырылуы туралы анықтама баяндалды.  Шешімнің күшін жойған немесе өзгертілген Жоғары инстанцияның қаулылары талқыланды.

Қортындылай келе, төраға алдағы есеп кезеңінде сот төрелігінің сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажеттілігін белгіледі.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі