«Сот процесстерінде аудио-видео фиксациялардың қолданылуы» тақырыбында экономикалық сотта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта мамандандың қатысуымен «Сот процесстерінде аудио-видео фиксациялардың қолданылуы» атты семинар өтті.

Кеңсе басшысыныңм.а. М.Задко семинарды ашу барысында, сот істерін қарастыруда әділдік пен дұрыс шешімнің қабылдануына барша мүмкіндіктердің жасалынып жатқанын айтты. Дәлірек айтсақ, сот процессі кезінде аудио-видео фиксациялардың қолданылуы, глобальдік байланыста арнайы сот актілерінің жариялануы. Сотта электронды құжат айналымы, электронды қол қою және тағы басқа шараларда жүзеге асуда.

Сот отырысының хатшысы, жетекші маман Т.Жерносек өзінің баяндамасында сот процессінде видео жазбаның қолданылуы жаңа үрдіске бір қадам екенін, сонымен қатар бүгінгі күнде даму қай позицияға болмасын өте қажетті екендігін атап өтті. Ең алдымен бұл жаңа үрдіс сот отырыстарының хаттамасын жазбаша түрімен салыстырған да, оңтайлы  септігін тигізетінін айтты. Бұл үрдіс сот хаттамасының дүрыс, оңтайлы жазылуына, әрі толық нұсқада болатынына кепілдік береді. Ал бұл кепілдік сот ісін жүргізуде ең басты мәселердің бірі болып табылады.

Сөзсіз, бұл жаңа үрдіс сот отырысында жазбаша хаттамаға қараған көптеген артықшылықтары болатынын айтты. Аудио және видео ақпараттар сот отырыстарының болғаны туралы дәлелдердің бірі, сонымен қатар сот ісінің әділ болғандығына бірден-бір дәлел болады. Сонымен қатар, видео жазба хаттамаларда сот отырысындағы айтылға ақпараттарды толыққанды болуына септігін тигізеді. Тек видео жазба ғана сот отырысын толық түрде жеткізіле алады, сонымен қатар сот қатысушыларының шешім шығарған кездегі не болмаса істің қаралуына байланысты керекті ақпараттардың сақталуына септігін тигізеді.

Сөзсіз, сот процесстерінде технологиялардың қолданылуы логикалық тұрғыда алға қадам басқанның белгісі, сонымен қатар әлемдік стандартқа сай сот істердің қарастырылуына үлкен септігін тигізетініне, материальдық-техникалық дамуға үлес қосатынына еш күмән келтірмейді.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық соты