«Сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы» тақырыбы бойынша кураторлардың қатысуымен экономикалық сотта жұмыс жиналысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кураторлардың қатысуымен «Азаматтық істерді қарастырудың сапасы, қарастыру барысындағы туындайтын сауалдар» тақырыбы бойынша жұмыс жиналысы өтті.

Өткізілген іс-шараға Павлодар облыстық сотының судьясы Насирдинов Б.П., Шевченко А.А., Афанасиади П.А., экономикалық соттың төрағасы Рысбеков М.А., судьялар, кеңсе басшысының міндетін атқарушы Задко М.В. белсене қатысты.

Күн тәртібінің қарастырылуы мәселесі бойынша сот төрағасы Рысбеков М.А. өз сөйлеген сөзінде, біздің еліміздің сот алқаларының алдында тұрған басты мәселелердің бірі, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту екенін, сонымен қатар мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта өткізілген іс-шаралар мен аналитикалық жұмыстар сол буынға арналғанын атап өтті.

Кураторлар өз кезегінде тәжірибелік көмекпен, экономикалық сотының судьяларының сұрақтарына жауаптарын берді.

Источник: 
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі