Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, М. 2017жылғы 26 ақпанда саған 00.00 шамасында Ломов көшесінде орналасқан СТО-ның жанында бола тұрып, былапыт сөздерді айтып әдейі бөтелкені қақпаға лақтырған.  

М. сотта өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат М. ӘҚБтК-ның 434 бабының бірінші бөлігіне көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі