Ювеналды сотта " Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар үйі" тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдерімен 2017 жылдың 14 наурызында" Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар үйі" тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күні өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Г.Жанабекова мектеп оқушыларына сот ғимараты бойынша  шолу экскурсиясын өткізді.

Сот төрағасы М.Дәйкенов, судьялар М.Иванова, М.Ахметбекова сот жұмысы және сот ісін жүргізу туралы айтып, судья кәсібі туралы, ювеналдық сот ісін жүргізуде балалар құқығын қорғау туралы айтты.

Балалар барлық сұрақтарына судьялар мен сот мамандарынан егжей-тегжейлі жауаптар алды, соңында тәрбиешілер мен балалар, олар үшін үлкен қызығушылық танымдықіс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі