Ювеналдық сот шешімі бойынша ата-ана құқықтары қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ата-ана құқықтарын шектеу салдарын күшін жоя отырып ювеналды сот шешімі бойынша2008 жылы туған кәмелетке толмаған Дарья анасының тәрбиесіне берілді. Ата-ана құқықтары шектеу кезенінде баланың анасы өз мінез-құлқын өзгертіп, жұмысқа орналасып, мемлекеттік мекемедегі баласына жиі барып тұрған. Бұл мән-жайлар ата-ана құқықтарын шектеу зардаптарын күшін жою туралы сот шешімін шығаруға негіз болды. Сот шешімі заңды күшіне енді, кәмелетке толмаған бала отбасылық тәрбиеге берілді. ҚР "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңының 21-бабына сәйкес  баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.

Источник: 
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі