Заңсыз құрылыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мандандырылған әкімшілік сотымен ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен Алматы қаласының тұрғыны (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес,  «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-мен Г. –ның Павлодар қаласында заңсыз, тиісті органға құрылыс жұмастары басталғаны туралы хабарламай электродтарды жасау цехы салғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Г. ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оған  15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  34 035    теңге айыппұл салынып, тәркілеу қолданылмаған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі