Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан жол көлік оқиғасын жасағаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл және 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Павлодар қаласының тұмасы қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылы 26 қаңтар күні А. Павлодар қаласының Абай-Толстого көшелерінің қиылысында оңтүстік бағытымен «Ниссан» маркалы, автокөлігін басқара отырып, көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылап алмай белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықты сақтамай, жүргіншіні қағып кеткен, соқтығыстан кейін, қарама-қарсы жолға шығып кетіп, Абай көшесінде бағдаршамның жүруге тыйым салынған жерде тұрған «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысты.

 Жол-көлік оқиғасының салдарынан автокөліктер механикалық зақымдалып, материалдық залал келтірілді. Сот–медициналы сараптамасының қорытындысы бойынша  жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зақым келген. 

Жол – жүргізуші қауіпсіздігін бұзғаны үшін А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылған.

Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде 15 АЕК мөлшерінде айыппұл және көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыру түріндегі  жаза салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі